Ет бағасын тұрақтандыру үшін не істелініп жатыр - фото 1

Ет бағасын тұрақтандыру үшін не істелініп жатыр

2 жел. 2025

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов ішкі нарықта ет бағасын тұрақтандыру үшін қандай шаралар қолға алынғанын айтты. Үкімет отырысынан кейінгі брифингте БАҚ өкілдері вице-министрге кейбір сарапшылардың елімізде еттің 1 келісі 15-20 мың теңгеге жетуі мүмкін деген болжамын айтып, пайымын сұраған еді. Сауалға жауап берген вице-министр мұндай тұжырыммен түбегейлі келіспейтіндігін баса айтты. Дегенмен, еліміздің ауыл шаруашылығы лайықты деңгейде дамымай отырғанын да жасырмады.

 

 

Кері қоңырау тапсырыс беру