Тақырып: Құтқарылған жануарлар үшін үй Бурабайда
Түпнұсқа 1600x1066
Құтқарылған жануарлар үшін үй Бурабайда
Бурабай кентіндегі зоосад 1976 жылы негізі қаланған және бүгінгі күнге дейін жыл бойы жұмыс істейді. Ол алғашқыда аңшы үйі ретінде ашылып, жараланған жануарлар мен құстарды қабылдаған.
Қазіргі таңда зоосадта 30 түр жануарлар мен құстар бар. Қыста жылуды жақсы көретін жануарлар мен құстар арнайы қыстаққа орналастырылады, ал мамыр айында оларды вольерлерге және тоғандарға шығарады.
«Біздің қызметкерлеріміз адамдардың қолынан зардап шеккен жануарларға қамқорлық жасайды. Әрбір зоосад тұрғынының өзіне арнайы тамақтану және күтім тәртібі бар» - Зоосад ветеринарлық дәрігері Ильдар Файзулин.
Егер орманда жарақат алған жануарды байқасаңыз, Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман бөліміне мына нөмірге хабарласуыңызды сұраймыз: 8(71636) 71 8 97, немесе Бурабай курортының call-center нөміріне +77010921405 қоңырау шалып, мамандарға көмек көрсетуін сұрауыңызға болады.
Күннің үздік фотосы
Целиноград қаласының келбеті, 1961 жыл
10 наур. 2026Аптаның үздік фотосы
Алматы Наурызға дайындалуда: мерекелік көңіл-күй кадрда
20 наур. 2026Айдың үздік фотосы
Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан астам адам тамашалады
9 шіл. 2024Жылдың үздік фотосы