Астанада «Ақ-Жорға» көрмесі өтіп жатыр - фото 1

Астанада «Ақ-Жорға» көрмесі өтіп жатыр

20 наур. 2026

Астанада Көкшетаудан келген суретші Владимир Быстрицкийдің жеке көрмесі ашылды. Экспозицияның негізгі бөлігін жылқы бейнелері құрайды — автор олардың мінезі мен эмоциясын жеткізуге тырысқан. Елордадағы галереяда майлы бояумен салынған 30-дан астам жұмыс ұсынылған. Картиналарда жылқы мен иттердің портреттері, сондай-ақ қазақ даласының пейзаждары бейнеленген. Кейбір туындыларда ұлттық көкпар ойынының көріністері де бар.

Кері қоңырау тапсырыс беру