Тақырып: Елордада Наурыз мейрамына арналған ұлттық ойындар мен спорттық шаралар басталды
Елордада Наурыз мейрамына арналған ұлттық ойындар мен спорттық шаралар басталды
21 наур. 2026
Астанада 21 наурыз күні таңертеңнен бастап Наурыз мейрамына арналған кең көлемді мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Қала тұрғындары елорданың басты алаңдарына – қалалық алаңда, «Қазақ елі» монументі маңында, «Астана Арена» стадионында, «Ататүрік» саябағында, Astana Music Hall автотұрағында және EXPO аумағында бас қосып, спорттық іс-шараларға белсенді қатысып жатыр. Олардың қатарында қазақ халқының байырғы ұлттық ойындарынан жарыстар да өтіп жатыр.