Ерлік ізі өшпейді: Әскери-патриоттық орталықтан фоторепортаж - фото 1

Ерлік ізі өшпейді: Әскери-патриоттық орталықтан фоторепортаж

9 мамыр 2026

Елорда төріндегі ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы – сұрапыл соғыс жылдарынан сыр шертетін бірегей орын. Мұндағы әр сурет пен әр хат кешегі қан майдан қалған жәдігер. Әскери-тарихи музей 2015 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы құрамында құрылды. Бүгінгі таңда музей қорында 24 мыңнан астам жәдігер сақтаулы. Музей басшысы Дәулет Қадыровтың айтуынша, 1938-1945 жылдар аралығында соғысқа қатысқан жауынгерлердің деректерін цифрландыру жұмыстары аяқталуға жақын.

Кері қоңырау тапсырыс беру