Тақырып: «Қазақстан – бірлік мекені»: Елордада этностар фестивалі ұйымдастырылды
«Қазақстан – бірлік мекені»: Елордада этностар фестивалі ұйымдастырылды
1 мамыр 2026
Елорда төріндегі Достық үйінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Қазақстан – бірлік мекені» атты ұлттық мәдениет фестивалі өтті. Мерекелік іс-шара қонақтарды ерекше көңіл-күйге бөледі. Ұлттық киімдер, әуезді ән, дәмді тағамдардың иісі мерекеге жиналғандарды бей-жай қалдырмаған еді. Фестиваль алғаш рет елордадағы 20-дан астам этнос орталықтарының басын қосты. Олардың әрқайсысы өз мәдениетін ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдары арқылы таныстыруға тырысты.