Астанада «Ана тілі» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды: 14 оқушыға ЖОО гранты берілді - фото 1

Астанада «Ана тілі» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды: 14 оқушыға ЖОО гранты берілді

2 наур. 2026

Елорда төрінде еліміздің ең білімді әрі тіл жанашыры саналатын мектеп оқушылары марапатталды. Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасы өз мәресіне жетіп, ең үздік 14 түлекке отандық жетекші жоғары оқу орындарының білім гранттары табысталды.  Биылғы додаға еліміздің 20 өңірінен 2000-нан астам 9–11 (12) сынып оқушылары қатысты. Іріктеуден сүрінбей өткен 64 команда, яғни 200-ге жуық оқушы республикалық кезеңде бақ сынады.

 

 

Кері қоңырау тапсырыс беру