Тақырып: Астанада алғашқы «CMG Media Week 2026» аяқталды
Астанада алғашқы «CMG Media Week 2026» аяқталды
17 сәуір 2026
13-17 сәуір аралығында Maqsut Narikbayev University (MNU) базасында ҚР Президенті телерадиокешені мен Қытай медиа тобының (CMG) бірлесуімен бірегей білім беру бағдарламасы ұйымдастырылды. Апта барысында қазіргі заманғы медиа, цифрлық коммуникациялар және контент өндірісі саласындағы құзыреттіліктерді дамыту бойынша панельдік сессиялар, дәрістер және практикалық шеберлік сабақтары өтті.