Тақырып: ТМҰ миссиясы дауыс беру учаскелерінің жұмысына қатысты мәлімдеме жасады
ТМҰ миссиясы дауыс беру учаскелерінің жұмысына қатысты мәлімдеме жасады
16 наур. 2026
Дауыс беру учаскелерінде тұрғындарға қолайлы жағдай жасалды. Бұл туралы Түркі мемлекеттерінің ұйымы Бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман мәлім етті. Оның айтуынша, миссия ешқандай маңызды заң бұзу деректері мен сәйкессіздіктерді байқамады. Дауыс беру учаскелерінде халықаралық және жергілікті байқаушыларға барлық жағдай жасалып, ашықтық тәртібі сақталды.