Қазақстан мұнай-газ химиясындағы өндірісті 2 есе арттырады - фото 1

Қазақстан мұнай-газ химиясындағы өндірісті 2 есе арттырады

3 сәуір 2026

«ҚАЗМҰНАЙГАЗСЕРВИС-2026» конференциясында ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай-газ-химия және техникалық реттеу департаментінің директоры Темірлан Үркімбаев  мұнай-газ химиясы саласындағы стратегиялық басымдықтарды таныстырды. Секторды дамытудың негізгі бағыты – шикізатқа тәуелділіктен арылып, қосылған құны жоғары өнім өндіруге көшу. ҚР Энергитка министрлігінің мәліметіне қарағанда, кейінгі жылдары салада тұрақты өсім байқалды: мұнай-газ химиясы өнімдерінің көлемі 2023 жылы 358 мың тонна болса, 2025 жылы 619 мың тоннаға жеткен. Бұл көрсеткіш 2030 жылға қарай 1 220 мың тоннаға жетеді деп жоспарланған.

 

Кері қоңырау тапсырыс беру