Тақырып: «Батырларға тағзым» акциясы: мыңдаған алматылық ҰОС батырларын еске алды
«Батырларға тағзым» акциясы: мыңдаған алматылық ҰОС батырларын еске алды
9 мамыр 2026
Алматыда Ұлы Отан соғысы батырларына құрмет көрсету мақсатында мыңдаған қала тұрғынын біріктірген «Батырларға тағзым – мәңгі жадымызда» атты ауқымды патриоттық акция өтті. Жеңістің 81 жылдығына арналған шара ардагерлер ұйымдарының бастамасымен, қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Акцияға көпшілік белсене қатысып, соғыс қаһармандарының рухына тағзым етті.