Тақырып: Жаңа жыл қарсаңында елордада 40-тан астам шырша шамын жақты
Жаңа жыл қарсаңында елордада 40-тан астам шырша шамын жақты
19 жел. 2025
Астана қаласында бір мезетте 40-тан астам жаңа жылдық шыршаның шамы жағылды. Соған орай, қала тұрғындары мен қонақтары үшін ауқымды мерекелік іс-шаралар өтті. Мерекелік шыршалар Орталық саябақта, Ғашықтар паркінде, Ботаникалық бақта, ЭКСПО аумағында, «Қазақ Елі» алаңында, Есіл өзенінің жағалауында, Ақбұлақ бойында, сондай-ақ «Хан Шатыр», «Keruen City», «Азия Парк», «Сарыарқа», «Green Mall» маңында орнатылды.