Тақырып: Жылыту маусымы, көмірді балама отын ету – Бектенов Астананың энергетикалық инфрақұрылымын тексерді
Жылыту маусымы, көмірді балама отын ету – Бектенов Астананың энергетикалық инфрақұрылымын тексерді
16 ақп. 2026
Премьер-министр Олжас Бектенов Астананың үшінші жылу-электр орталығына барып, Президенттің жаңа қуат көздерін жаңғырту және іске қосу тапсырмасы аясында энергетикалық инфрақұрылымның дамуын тексерді. Премьер-министр табиғи газбен жұмыс істейтін ЖЭО-3-тің негізгі жабдықтарын қарап шықты. Биыл жобаның 1-ші кезегін толық аяқтап, 2-ші кезегін жүзеге асыру жоспарланған. Қазір жылу электр орталығы қаладағы энергия тапшылығын толығымен жабады және артып келе жатқан қажеттіліктерді ескеріп, артық қор жасайды.