Тақырып: Бүгін – Жеңіс күні
Бүгін – Жеңіс күні
9 мамыр 2024
Екінші дүниежүзілік соғыста жау әскерін түпкілікті талқандап, жеңіске жеткен күн. 9 мамыр Қазақстанмен қатар, өзге де ТМД елдерінде Жеңіс күні ретінде аталып өтеді.
КСРО үшін жеңісті жақындатуға одақ құрамындағы Қазақ КСР-нің қосқан үлесі зор. 1939 жылы одақ көлемінде жүргізілген халық санағы бойынша Қазақстанда 6,2 млн адам тұрған. 4 жылда қазақ даласынан 1 млн 200 мың азамат майданға аттанып, оның 601 мыңы қайтып оралмады.
100 мыңнан астам қазақстандық соғыстағы ерлігі үшін түрлі деңгейдегі орден, медальдермен марапатталды. Оның ішінде 99 майдангер Кеңес Одағының Батыры және Тәуелсіз Қазақстанның Халық Қаһарманы атақтарын иеленді.
Күннің үздік фотосы
Целиноград қаласының келбеті, 1961 жыл
10 наур. 2026Аптаның үздік фотосы
Елордада жаңа білім беру платформасы таныстырылды
19 наур. 2026Айдың үздік фотосы
Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан астам адам тамашалады
9 шіл. 2024Жылдың үздік фотосы