Александр Бубликтің Дэвис кубогындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды - фото 1

Александр Бубликтің Дэвис кубогындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

5 ақп. 2026

Астана қаласында Дэвис кубогының Бірінші әлемдік тобы аясында 6-7 ақпан күндері өтетін Қазақстан мен Монако арасындағы плей-офф матчының жеребесі тартылды. Алғашқы ойын күні, 6 ақпанда жарыс шымылдығын Қазақстан уақыты бойынша сағат 15.00-де әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик пен монаколық Уго Нис ашады. Содан кейін кортқа Александр Шевченко мен Валантен Вашро шығады.

 

 

Кері қоңырау тапсырыс беру