Billie Jean King Cup: Канадалықтар Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваны негізгі қауіп санайды - фото 1

Billie Jean King Cup: Канадалықтар Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваны негізгі қауіп санайды

7 сәуір 2026

Елордада 10-11 сәуір күндері әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты — Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі өтеді. Қазақстан мен Канада құрамаларының кездесуі қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында қос тараптың капитандары дайындық барысын пысықтады. Канада құрамасы Астанаға бірнеше ойыншысыз келді. Атап айтқанда әлемнің 9-ракеткасы Виктория Мбоко, 25-орындағы Лейла Фернандес және жұптық сында үздік алтылыққа кіретін Габриэла Дабровски бұл матчқа қатыспайды. Олардың орнына Бьянка Андрееску бастаған жас ойыншылар ел намысын қорғамақ. 

 

Кері қоңырау тапсырыс беру