Тақырып: KazChess Awards 2026 жеңімпаздары анықталды
KazChess Awards 2026 жеңімпаздары анықталды
12 мамыр 2026
Елордада дәстүрлі «KazChess Awards» сыйлығы табысталды. Қазақстан шахмат федерациясы 2025 жылдың қорытындысы бойынша елдегі үздік шахматшыларды, жаттықтырушыларды, төрешілер мен серіктестерді марапаттады. Биыл номинациялар тізімі 20 санатқа дейін кеңейтілді, өткен жылы 12 номинация болған. Байқауда алғаш рет «Білім берудегі шахмат» бағдарламасының педагогтері мен функционерлеріне арналған номинациялар енгізілді. Сондай-ақ жоғары оқу орындары мен спортшылар үшін үш арнайы санат қосылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, номинациялар санының артуы қазақстандық шахматтың қарқынды дамып келе жатқанының айқын дәлелі.