Тақырып: Қазақстан семсерлесуден өткен өз алаңындағы әлем кубогын бір медальмен аяқтады
Қазақстан семсерлесуден өткен өз алаңындағы әлем кубогын бір медальмен аяқтады
29 наур. 2026
Қазақстанның семсерлесу бойынша шпагашылар құрамасы Астанада өткен әлем кубогындағы өнерін қорытындылады. Бағдарламаның соңғы түрі ретінде ерлер арасындағы командалық жарыстар өтті. Қазақстандықтар үшінші орын үшін матчқа дейін жетті. Эльмир Алимжанов, Никита Жулинский, Вадим Шарлаимов және Александр Федотов қола медаль үшін Жапониямен сынға түсті. Тартысты өткен кездесуде Жапония құрамасы екі ұпай айырмасымен жеңіске жетті – 44:42. Қазақстан құрамасы 4-орын алды.