#В Контексте
«В контексте» – «Жібек Жолы» радиосындағы қоғамдық-саяси ток-шоу.
Бұл – ең өзекті оқиғалар мен маңызды шешімдер ашық пікірталас алаңында талқыланатын бағдарлама. Жүргізушілер Салтанат Арықбаева мен Сергей Гергель сарапшылармен, саясаттанушылармен, мемлекеттік орган өкілдерімен және азаматтық қоғам мүшелерімен бірге бүгініміз бен болашағымызды айқындайтын мәселелерді сөз етеді. Ток-шоудың басты мақсаты – тыңдарманға болып жатқан үдерістердің объективті көрінісін ұсыну, түрлі көзқарастарды көрсету және қазіргі саясат пен қоғамдық өмірдің күрделі тұстарын тереңірек түсінуге мүмкіндік беру.
«В контексте» – бұл ашық диалог, салмақты талдау және қонақтарымыз тікелей эфирде жауап беретін өткір де шынайы сауалдар алаңы.