Маманның қас-қабағына қарайтын заман келе жатыр / ПОДКАСТ BIZDIÑ ORTA
Елімізде еңбек нарығының талаптары қарқынды өзгеріп келеді. Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова «Bizdin orta» подкастында жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынастың жаңа ережелері, заңнамалық реформалар және жасанды интеллекттің еңбек нарығына ықпалы туралы айтты.
Подкастта талқыланған негізгі тақырыптар:
• Кәсіптік біліктілік туралы жаңа заңның мүмкіндіктері
• Жасанды интеллекттің еңбек нарығына ықпалы және болашақ мамандықтар
• Жас буынның еңбекке көзқарасы: зумерлер мен олардың жаңа талаптары
• Платформалық жұмысшылардың (такси, жеткізу қызметі) әлеуметтік және салықтық қорғалуы
• 2025 жылдың – Жұмысшы мамандықтарының жылы ретінде жариялануы
Сонымен қатар, еңбек нарығындағы уақытша жұмыс пен біліктілікті арттыру бағдарламалары, өңірлердегі кадр тапшылығын шешу және сапалы жұмыс орындарын құру мәселелері талқыланды.
Бейнені ендіру
Күннің үздік видеосы
Қазақ тіліндегі аниме дыбыстау қалай басталды?
27 қаң. 2026Аптаның үздік видеосы
Үлескерлер, алаяқтар, блогерлер – кінәлі кім және не істеу керек?
22 шіл. 2025Айдың үздік видеосы
Адамға сынақ не үшін беріледі?
27 ақп. 2026Жылдың үздік видеосы