Бірлік – елдіктің тірегі

1 мамыр 2026

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні және «Jibek Joly» радиосына 1 жыл. Мерекелік эфирдің қадірлі қонағы – ҚР Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің солисі, талантты әнші Денис Яковлев. Өнер мен достық, тіл мен мәдениет тоғысқан бұл мерекеде біз бірлік пен татулықтың маңызы туралы әңгіме өрбітеміз. Қазақ тілін құрметтеп, қазақ әнін жүрекпен орындайтын өнер иесімен шығармашылық жолы, сахна сыры және елге деген сүйіспеншілігі жайында сырласамыз. Ән – халықтарды жақындастыратын алтын көпір. Ал бірлік – баршамызды біріктіретін ең асыл құндылық.

Кері қоңырау тапсырыс беру