Тақырып: Танымал зергер Тәуелсіздік күніне көрме өткізді
Танымал зергер Тәуелсіздік күніне көрме өткізді
11 жел. 2025
Тәуелсіздік күні қарсаңында Президент орталығында қазақ зергерлік өнерінің көрмесі ашылды. Онда танымал зергер, реставратор, коллекционер Берік Әлібайдың үздік жинағы қойылды. Бір ай бойы Астана тұрғындары мен қонақтары 250-ден астам күміс әшекейлерді, тұрмыстық бұйымдар мен ұлттық киімдерді тамашалай алады.