Тақырып: Ұлттық орталық музейде сирек киножәдігерлер көрмесі ашылды
Ұлттық орталық музейде сирек киножәдігерлер көрмесі ашылды
24 ақп. 2026
Ұлттық орталық музейде «Ұлы мұра — ұрпаққа өсиет» фестивалі өтті. Фестиваль Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм ұлттық киностудиясы және Меңтай киномузейі бірлесуімен ұйымдастырылып, Қазақ КСР-нің халық әртісі, актер, опера әншісі Кәукен Кенжетаевтың 110 жылдығы мен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, киноактер Меңтай Өтепбергеновтің 80 жылдығына арналды.