Тақырып: «Аттың жалында» деген атаумен өнер көрмесі өтті
«Аттың жалында» деген атаумен өнер көрмесі өтті
5 наур. 2026
Көрмеге қазақстандық және шетелдік өнерпаздардың туындылары қойылды. Отандасымыз, фотограф Никита Басов көкпар ойынына қатысты түсірген 78 суретін назарға ұсынды. Сондай-ақ астаналықтар ресейлік сәулетші әрі мүсінші Игорь Роговский жасаған жылқының екі мүсінін де тамашалады.