Ғасырлар мен сынақтар белесінен өткен: Алматыдағы Қазан соборының ерекшелігі неде? - фото 1

Ғасырлар мен сынақтар белесінен өткен: Алматыдағы Қазан соборының ерекшелігі неде?

28 ақп. 2026

Алматы қаласында бүгінгі күнге дейін сақталған тарихи нысандар аз емес. Соның бірі — Құдай Анасының «Қазан» иконасы құрметіне арналған собор. Бұл — ғасырдан астам тарихы бар рухани киелі орын. Қазан соборы — Алматыдағы ең көне жұмыс істеп тұрған православие ғибадатханасы. Қазіргі таңда қалада 21 православие приходы қызмет атқарғанымен, дәл осы собор тұрғындар өмірінде ерекше орын алады. Ғибадатхана Халиулин көшесінде орналасқан және 0,71 гектар аумақты алып жатыр. Өзінің ұзақ тарихында түрлі кезеңдер мен сынақтарды бастан өткергеніне қарамастан, ол қаладағы маңызды рухани әрі мәдени орталық ретінде сақталып келеді.

 

 
 

Кері қоңырау тапсырыс беру