Тақырып: Президенттің Қазақ тілі эндаумент қорына салған үлесі 100 есе өсті
Президенттің Қазақ тілі эндаумент қорына салған үлесі 100 есе өсті
10 жел. 2025
Елордада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жылдық қорытынды құрылтайы өтті. Құрылтайға Қазақстан Президентінің көмекшісі — Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай, Парламент депутаттары, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайшылары мен Орталық кеңес мүшелері, қор демеушілері, өңірлік филиал төрағалары және делегаттар қатысты.