Тақырып: «Таза Қазақстан»: Президент Телерадиокешені ұжымы Астанада сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан»: Президент Телерадиокешені ұжымы Астанада сенбілікке қатысты
25 сәуір 2026
Президент Телерадиокешені ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өткен жалпы қалалық сенбілікке белсене қатысты. ТРК қызметкерлері Астана қаласы әкімдігі санитарлық тазарту аймақтарының бірі ретінде айқындаған Нұра–Есіл каналы бойындағы бекітілген аумақты тазалау жұмыстарына шықты. Журналистер бүкілхалықтық таза әрі жасыл ел қалыптастыру бастамасын қолдап, жағалау аймағын қоқыстан тазартып, қоғамдық кеңістікті ретке келтірді. Бұл елорданы абаттандыру ісіне қосылған үлес болды.