Тақырып: Канадада жеңіске жеткен қазақстандық жас хоккейшілер елге оралды
Канадада жеңіске жеткен қазақстандық жас хоккейшілер елге оралды
25 ақп. 2026
Канадада жеңіске жеткен Astana Team балалар хоккей командасы елге оралды. Оларды Алматы әуежайында жанкүйерлері қарсы алды. Канаданың Квебек қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы беделді Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament турнирінің финалында жеңіске жеткен қазақстандық жас спортшылар елге келді. Оларды әуежайда зор қошеметпен күтіп алды.