Тақырып: ҚХЛ: «Барыс» елордада «Лададан» басым түсті
ҚХЛ: «Барыс» елордада «Лададан» басым түсті
14 ақп. 2026
Қазақстандық «Барыс» командасы 14 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Лада» (Тольятти) командасына қарсы өткізді. Кездесуде ресейлік клуб алғашқы болып есеп ашты. Олардың қатарынан Андрей Чивилёв 1-минутта мергендігімен көзге түссе, одан кейін қазақстандық клубтан Иэн Маккошен 5, Кирилл Панюков 12, Семён Симонов 14-минутта үш шайба соғып кетті. Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 5:3 есебімен басым түсті.