Тақырып: Астаналықтар UAE SWAT Challenge жеңімпаздарын құрметпен қарсы алды
Астаналықтар UAE SWAT Challenge жеңімпаздарын құрметпен қарсы алды
13 ақп. 2026
Астана халықаралық әуежайында Дубайда өткен халықаралық UAE SWAT Challenge антитеррористік бөлімшелері жарысының жеңімпаздары мен қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Жеңімпаздарды журналистер, әріптестері және туыстары қарсы алды. Қазақстанның бес арнайы жасақ командасы – Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігінің бөлімшелері – халықаралық турнирде, әйгілі «Арнайы жасақ Олимпиадасында» ел намысын қорғады.