Тақырып: ҚХЛ: «Барыс» елордада «Северсталь» командасына есе жіберді
ҚХЛ: «Барыс» елордада «Северсталь» командасына есе жіберді
22 ақп. 2026
Қазақстандық «Барыс» командасы 22 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Северсталь» (Череповец) командасына қарсы өткізді. Кездесу барысында ресейлік хоккейшілер бірінші кезеңде алғашқы болып есеп ашты. Екінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Үшінші кезеңде «Северсталь» басымдықты арттырса, одан кейін қазақстандық команда қатарынан екі шайба енгізді. Негізгі кезең 2:2 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда ресейлік клуб жеңіс шайбасын соғып кетті.