Тақырып: «Тобыл» футболдан Қазақстан суперкубогының иегері атанды
«Тобыл» футболдан Қазақстан суперкубогының иегері атанды
28 ақп. 2026
28 ақпанда футболдан Қазақстан суперкубогында алматылық «Қайрат» пен қостанайлық «Тобыл» командалары кездесті. Жаңа маусымдағы алғашқы ойында екі команда бапкерлер құрамы тәжірибелі футболшыларға сенім артты. Оған қоса биыл ел біріншілігінде бақ сынауға мүмкіндік алған шетелдік ойыншылар да қосылды. Негізгі кезең 2:2 есебімен аяқталып, командалар пенальти тебуге мүмкіндік алды. Пенальти тебуде «Тобыл» бірде-бір мүмкіндігін мүлт жібермей, Қазақстан суперкубогының иегері атанды.