Әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева Astana Live студиясында | Alem Cup жеңісі мен үлкен спорттағы жолы
12 наур. 2026
Бүгін Astana Live студиясында ерекше қонақтар болды. Бағдарламаға көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы екі дүркін әлем чемпионы, Alem Cup халықаралық турнирінің ересектер арасындағы чемпионы, Қазақстанның жас жұлдызы Ақмарал Ерекешева және оның жаттықтырушысы Меруерт Балғынбаева келді. Эфир барысында спортшының үлкен спорттағы жолы, халықаралық жарыстардағы жеңістері, дайындық барысы және болашақ жоспарлары туралы әңгіме өрбіді. Сондай-ақ жаттықтырушы шәкіртінің жетістігі мен гимнастикадағы тәртіп, еңбек және табандылықтың маңызы жайлы бөлісті. Қазақстанның жаңа спорт жұлдызының шынайы әңгімесін бірге көрейік!
Бейнені ендіру
Код алмасу буферіне көшірілді
Күннің үздік видеосы
ChatGPT қазақ медицинасына қалай әсер етіп жатыр. Этикалық шектеулер
23 жел. 2025Айдың үздік видеосы
Алғаш рет эфирде: Нұрлан имам жұлдыздармен шынайы сұхбат жүргізді!
5 ақп. 2026Жылдың үздік видеосы