Президенттің қатаң мәлімдемесі. Камералар енді жаңа тәртіппен айыппұл салады. Зейнетақыны емделуге алуға болады
13 наур. 2026
12 наурыздан бастап Қазақстанда қауіпсіздік белдігін тақпаған және көлік жүргізу кезінде телефон қолданған жүргізушілерді автоматты түрде анықтайтын жаңа камералар іске қосылды. Осы арада Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуы мен жергілікті биліктің жұмысына қатысты қатаң мәлімдеме жасап, пайдасыз бастамаларға қаржы жұмсауды тоқтатуға және өңірлерді белсендірек дамытуға шақырды. Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарын емделуге және стоматологиялық қызметтерге пайдалану мүмкіндігін қайта енгізу мәселесі қарастырылуда — бұл үшін 2026 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған жаңа цифрлық жүйе әзірленіп жатыр.
Бейнені ендіру
Код алмасу буферіне көшірілді