Киіз басудан зергерлік өнерге дейін: Алматыда қолөнерден фестиваль өтіп жатыр - фото 1

Киіз басудан зергерлік өнерге дейін: Алматыда қолөнерден фестиваль өтіп жатыр

17 наур. 2026

«Наурызнама» онкүндігі аясында Алматыда «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль өтті. Іс-шара еліміздің түкпір-түкпірінен келген қолөнер шеберлерінің басын қосты. Олар тек өз туындыларын паш етіп қана қоймай, көне өнердің қыр-сырымен бөлісті. Фестивальге келушілер киіз басу, ұршық иіру, көрпе тігу, қыш құю және зергерлік бұйымдар жасауды үйреніп, түтінмен сурет салу сынды сирек кездесетін әдістермен танысты.

 

 

Кері қоңырау тапсырыс беру