Тақырып: Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымы 700 млн доллардан асты
Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымы 700 млн доллардан асты
28 сәуір 2026
Бүгінде республикада Чехия үлесі бар 150 компания жұмыс істейді. Бұл жөнінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Қазақстан – Чехия бизнес форумында мәлімдеді. Cонымен бірге, Чехия Еуропаның индустриялық тұрғыда дамыған мемлекеттерінің арасында елеулі орын алады. Ол, әсіресе, машина жасау, автокөлік құрастыру және инженерия салаларында озық. Аталған елдің Қазақстан экономикасына тигізіп жатқан септігі де айтарлықтай ауқымды.