Тақырып: ЖИ дәуірінде жұмыс берушінің жауапкершілігі артады - сарапшы
ЖИ дәуірінде жұмыс берушінің жауапкершілігі артады - сарапшы
28 сәуір 2026
Халықаралық KIOSH 2026 конференциясында жасанды интеллектіні қолдану кезінде жұмыс берушінің жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Әлеуметтік қорғау саласындағы халықаралық сарапшы, Вильнюс университеті ғылыми қызметкері Аудрюс Битинас еңбек қатынастарында цифрлық технологияларды қолданудың еуропалық тәсілін таныстырды. Оның айтуынша, жасанды интеллект тәуекелдерді талдау мен инспекция жүргізуде белсенді қолданылып келеді. Алайда ол адамға тән маңызды факторларды ескере алмайды.