Хорватиялық компания алғаш рет Қазақстанның геологиялық барлау секторына инвестиция салады - фото 1

Хорватиялық компания алғаш рет Қазақстанның геологиялық барлау секторына инвестиция салады

2 сәуір 2026

Елордада өтіп жатқан GECA 2026 халықарлық геологиялық форумында Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» және Хорватияның көмірсутек мәселелері жөніндегі агенттігінің еншілес компаниясы – GEOENERGIJA RAZVOJ d.o.o. арасында Ақтөбе облысындағы Шығыс учаскесінде көмірсутектерді барлау мен өндіру бойынша келісімшарт жасалды. Құжатқа Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров, ҚМГ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев және ГЕОЭНЕРГИЯ директоры Марийо Галич қол қойды.

 

Кері қоңырау тапсырыс беру