Қазақстан-Ресей арасындағы сауда айналымы 30 миллиард долларға жуықтады - фото 1

Қазақстан-Ресей арасындағы сауда айналымы 30 миллиард долларға жуықтады

25 наур. 2026

Екі ел арасындағы серіктестік қарым-қатынастар кеңейіп келеді. Бұл жөнінде ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов елімізге ресми сапармен келген РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесуде мәлімдеді. Жиында екіжақты келіссөздер жүргізілді. Сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық, өнеркәсіп және энергетика, көлік саласындағы жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ экология саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

 

 

Кері қоңырау тапсырыс беру