Тақырып: Елордада өзге этнос өкілдері Наурыз мерекесін тойлады
Елордада өзге этнос өкілдері Наурыз мерекесін тойлады
20 наур. 2026
Елордадағы Достық үйінің алдында Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, әз Наурыз!» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік думанға Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, мемлекеттік органдар мен Астана қаласы әкімдігінің қызметкерлері, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Армения, Грузия, Ресей, Корея, Украина, Болгария секілді 12 мемлекеттің елшілік өкілдері қатысты.