Астанада «Көшпенділер шайқасы» қалай өтті - фото 1

Астанада «Көшпенділер шайқасы» қалай өтті

22 наур. 2026

Астана маңындағы Шұбар кентінде «Наурыз 4×4 Көшпенділер шайқасы» атты жарыс өтті. Бұл дәстүр мен заманауилық тоғысқан ерекше мереке болды. Биыл Наурыз мейрамы өзгеше сипат алды: қар мен батпаққа толы трассадағы моторлардың гүрілі, жылдамдық пен адреналин ерекше әсер сыйлады. Мерекелік алаң «4×4 Көшпенділер шайқасы» трофи-жарысына арналған трассаға айналып, қатысушылар жолсыз жерде өздерін де, көліктерін де сынады. Жарыс off-road форматында өтті.

Кері қоңырау тапсырыс беру