Тақырып: Түркістанда өткен көкпар додасы елге ерекше көңіл-күй сыйлады
Түркістанда өткен көкпар додасы елге ерекше көңіл-күй сыйлады
21 наур. 2026
Түркістан қаласында өткен көкпардан әлем чемпионаты тек спорттық бәсеке ғана емес, ұлттық рухты асқақтатқан айтулы оқиға ретінде есте қалды. Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған дүбірлі дода ел ішінде ерекше серпіліс туғызып, көкпардың қоғамдағы маңызын тағы бір мәрте айқындады. Финалда Қазақстан құрамасының Өзбекстанды 9:2 есебімен айқын жеңуі — ұлттық спорттың дамуы жүйелі жолға түскенінің көрінісі. Шешуші ойында қазақстандық көкпаршылардың жоғары шеберлігі мен командалық үйлесімділігі айқын байқалды.