Ақжол Құрманбек ауыр атлетикадан Қазақстанның жаңа чемпионы атанды - фото 1

Ақжол Құрманбек ауыр атлетикадан Қазақстанның жаңа чемпионы атанды

4 жел. 2025

Жетісу облысының 18 жастағы ауыр атлеті Ақжол Құрманбек 79 кг салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы атанды. Ол қос сайыс қорытындысы бойынша 352 кг (152 кг – жұлқа көтеру, 200 кг – серпе көтеру) нәтижемен жаңа рекорд орнатты. Екінші орын — Алматы қаласының спортшысы, 2025 жылғы Азияның қола жүлдегері Пётр Хребтовқа бұйырды, ал үшінші орын — Жетісу облысынан келген Ерасыл Ыбырайға тиесілі. Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионатының төртінші жарыс күні өтуде. 

Кері қоңырау тапсырыс беру